«Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті

2 513

Фото: Қызылорда әкімдігіАғымдағы жылдың 20- шы ақпан күні Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп қағидаты» аясында «Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тілдік сауаттылықты арттыру, қызметтік жауапкершілік пен тәртіп мәдениетін нығайту, сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесін көтеру болған.

Іс-шараға облыстық басқармалар, департаменттер мен инспекциялардан 100-ден аса мемлекеттік қызметші қатысқан. Қатысушылардың білім деңгейін жетілдірумен қатар, олардың кәсіби және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылған.

Шараның ашылуында басқарма басшысының орынбасары  У. Ибраев сөз сөйлеп, «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудағы және қызметтік тәртіпті нығайтудағы мұндай бастамалардың рөліне ерекше назар аударып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Ашық диктант мемлекеттік қызметшілердің тілдік мәдениетін дамытуға және кәсіби жауапкершілігін арттыруға оң әсерін тигізді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырылатын болады.