Қызылордада инвестор мәселесін прокуратура бақылауына алды

2 513

Фото: Нұрболат Нұржаубай«Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС Қызылорда облысында қуаттылығы 240 МВт жылу электр орталығын салып жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ауқымды инвестжобаның алдында кездескен мәселеге прокурорлар араласты. 

Бұл — шетелдік инвестор жүзеге асырып жатқан елдегі ірі энергетикалық жобалардың бірі.

Жобаның жалпы құны — 215 млрд теңге. Оның аясында 150 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Дегенмен, инвестор инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде қиындықтарға тап болды. Атап айтқанда, жабдықтарды нақты жеткізу сәтіне дейін техникалық құжаттаманың толық пакетін ұсынбауы келісімшартты рәсімдеуге кедергі келтірген. Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде инвестициялық келісімшартқа қол қойылып, жобаны іске асыру мерзімі сақталды, — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында. 

Сонымен қатар инвестициялық жобаны іске асыру барысында туындаған 6 өзекті мәселе уақытылы шешімін тапқан.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.