ҚАЗАЛЫДА “ЕСКЕРТКІШТЕР ЕЛ ТАРИХЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
18-сәуір – Халықаралық ескеркіштер мен тарихи орындар күніне орай Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен “Ескерткіштер ел тарихы” атты тақырыпта ғылыми жоба байқауы өткізілді.
Байқау барысында оқушылар өздерінің дайындаған ғылыми жобаларын қорғап, тың идеялары мен зерттеу нәтижелерін таныстырып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар тарихи мұраларды сақтау, ескерткіштердің маңызын
насихаттау бағытында мазмұнды ойларымен ерекшеленді.
Аталған шара жас ұрпақтың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Ғылыми жобаны қорғау жұмысының нәтижесінде:
І- орынды №97 орта мектептің 7 сынып оқушысы Саматқызы Айтұмар;
ІІ - орынды №182 орта мектептің 7 сынып оқушысы Шәкірат Нұриман;
ІІІ – орынды №96 орта мектептің 7 сынып оқушысы Жеңісқызы Тойғаным;
ІІІ – орынды №190 орта мектептің 7 сынып оқшысы Шынберген Мәди;![]()
ІІІ – орынды №98 орта мектептің 7 сынып оқушысы Орынбасарова Нұрайым - иеленді.
№102 ,182,170 мектептің жобаға қатысқан оқушылары аудандық білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешов пен аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Ә.Мақсатбаевтың арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Байқауға қатысқан оқушылардың жетекшілеріне аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Ғ. Дармағамбетовтың арнайы Алғыс хаты табысталды.







