Қызылордада жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді

2 523

Фото:© unsplash.comCәуір айында ел аумағында ІІМ тарапынан кезекті ауқымды "STOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең сорақысы Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленген.  Ішкі істер министрлігі адам саудасына қатысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізу және қоғамның, әсіресе өскелең ұрпақтың моральдық ахуалына теріс әсер ететін заңсыз контенттің таралуына тосқауыл қою бойынша кешенді шаралар қабылдаған. Тергеу барысында адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеліп, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталған. (Видео)

Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді. 25 жастағы әйел бала туғанға дейін және туғаннан кейін мамандандырылған қоғамдық қорда тұрған. Оның баладан бас тартуына байланысты қор жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, сәбиді асырап алу мақсатында облыстың 50 жастағы тұрғынына бір миллион теңгеге сатуды ұсынған. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.