Қызылордада бетін тұмшалаған 300-дей адамға ескерту берілді
Қызылорда облысында қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім үлгілеріне қатысты заң талаптарын түсіндіру жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 3-бөлігіне сәйкес қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынған. Оған балаклава, медициналық мақсаттан тыс бетперде, никаб пен адамның бет-жүзін толық немесе ішінара жабатын өзге де киім түрлері кіреді.
Полицейлердің айтуынша, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – азаматтарды жауапкершілікке тарту емес, құқықбұзушылықтың алдын алу. Заң талаптарын алғаш рет бұзған азаматтарға ескерту жасалады. Ал құқық бұзушылық қайталанған жағдайда заңнамаға сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.







