«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

1 515

Бүгін қала әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидасын қоғамда кеңінен насихаттау және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында әдістемелік семинар өтті. 

   Семинарды қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов жүргізіп, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры,құқық қорғау саласының ардагепі, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы "Заң мен тәртіп" идеологемасын ілгерілету, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, патриоттық тәрбие беру, қауіпсіз орта қалыптастырудағы жергілікті атқарушы органдармен атқарылатын жұмыстар туралы баяндамалар жасады. 

   Жиын қорытындысымен қала әкімдігіне қарасты мекемелерде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту семинарларын өткізу, сондай-ақ тұрғындар арасында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттау бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер тапсырылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.