БІР КҮН-МЫҢ КЕҢЕС АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
2026 жылдың 14 тамызында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын нығайту және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары мен нотариустар инклюзивті спорт орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді. Орталық қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан нақты әрі жан-жақт
ы жауаптар алды. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында көзделген негізгі нормалар мен өзгерістерге тоқталып, олардың мәні мен маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын білуі мен сақтауға және қоғамда заң мен тәртіп қағидатын орнықтыруға бағытталды.
#заңментәртіп
#адалазамат
#заңбәрінеортақ
Қаз
Рус






