ЖАҢАҚОРҒАНДА 2027-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ ҚАРАЛДЫ
ЖАҢАҚОРҒАНДА 2027-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Үкімет отырысы мен облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Аталған жиыннан кейін аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Жалпы, 7 айдың қорытындысымен ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері
бойынша өсім бар. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 105,6, негізгі капиталға салынған инвестиция 106,8, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 103,2, құрылыс жұмыстарының көлемі 144,5, ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 104,2 және бөлшек сауда көлемі 103 пайызға жеткен. Дегенмен, аудан басшысы босаңсуға болмайтындығын, жыл соңына дейін белгіленген жоспарлы міндеттердің толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Аудан басшысы жауапты сала басшыларына қажетті көмір отынының қорымен қамтамасыз етуді, көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді және барлық әлеуметтік нысандардағы жылу қазандықтарының қысқы маусымға толық әрі сапалы дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, елді мекендерде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және санитарлық тазалық бойынша жүргізілген зерделеу нәтижелері қаралды. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою, елді мекендердің санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысымен жауапты сала басшыларына белгіленген жұмыстарды сапалы әрі уақтылы орындау бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктелді.
Қаз
Рус






