ТАЛАП СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР ПЛАТФОРМАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

1 508

ТАЛАП СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР ПЛАТФОРМАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Манап ауылдық округіндегі Талап станциясындағы қайта жаңғыртудан өткен жолаушылар платформасының  жағдайымен танысты.

Айта кетейік, облыс әкімдігінің қолдауымен 2025 жылдың мамыр айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Дәнекер» ЖШС арасында келісімшарт жасалып, Жаңақорған кентіндегі вокзал ғимараты мен Талап станциясының перронын қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын.

Бүгінде жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жаңартылған нысан тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.

Аудан әкімі нысанның тазалығын тұрақты бақылауда ұстап, аумағын абаттандыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.