ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1 504

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаевпен кездесті.

Кездесу барысында облыстың бас имамы аудандағы діни ахуалдың тұрақты екенін атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ауданға келген жұмыс сапарындағы негізгі мәселе - Қазалы аудандық орталық «Жанқожа батыр» мешітінің жаңа бас имамы – Ешмаханов Рүстем Айтбайұлын аудан басшысына таныстырды.

Жиында аудан әкімі Қазалы ауданындағы діни ахуалдың тұрақты қалыптасуына мешіт қызметкерлерінің, имамдардың және аудан халқының қосып келе жатқан үлесі зор екенін атап өтті.

– Қазалы ауданында діни ахуал тұрақты. Бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуіне мешіт имамдарының еңбегі айрықша. Дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, қоғамда татулық пен өзара сыйластықты нығайту – аса маңызды міндет. Осы ретте Нұрдәулет Асқарұлының аудандық орталық мешітке бас имамдық қызмет атқарған кезеңіндегі еңбегін ерекше атап өткен жөн. Төрт жылға жуық уақыт ішінде ауданның рухани өміріне белсенді араласып, діни-ағартушылық бағытта бірқатар жұмыстар атқарды. Аудан жұртшылығының және өз атымнан Сізге шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.

Кездесу барысында аудан әкімі бұған дейін ауданның бас имамы қызметін атқарып келген Нұрдәулет Асқарұлына ауданның ең жоғары марапаты – Қазалы ауданының Құрмет грамотасы мен естелік сыйлық табыстады.

Аудан басшысы жаңа бас имам Рүстем Ешмахановқа да үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде облыстың бас имамы Дастан Құрманбаев жаңа бас имам Рүстем Айтбайұлына аудан басшылығымен және мешіт жамағатымен бірлесе жұмыс істеп, ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығын нығайтуға бағытталған игі істерді жалғастыратындығына сенім білдірді.

Айта кетейік, Қазалы аудандық орталық «Жанқожа батыр» мешітінің жаңа бас имамы қызметіне тағайындалып жатқан Ешмаханов Рүстем Айтбайұлы бұған дейін Қазалы қалалық «Нұралы» мешітінде имам, сондай-ақ аудандық «Жанқожа батыр» мешітінде наиб имам қызметтерін атқарып келген болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.