Танымал суретші өз саусағының іздерін миллион долларға сатпақ

316

Танымал Беларусь суретшісі өз саусағының іздерін аукционда сатылымға шығарды. Ол саусағының іздерін бір миллион долларға бағалап отыр.

Александр Адамов есімді Беларусь суретшісі opensea атты платформаның аукционында оғаш лот жария етті. Ол аукционда өз саусақ іздерін сатылымға қойған. 

"Физикалық әлемнің теңдессіз дүниесін (оған адамның саусақ іздерін жатқызуға болады) цифрлық жазықтықта айшықтауға мүмкіндік беретін технологиямен ұштастыру мүмкіндігі бізді қызықтыра түсті. Жеке саусақ іздерімді өзгеге табыстау мен үшін де ерекше тәжірибе болмақ. Өзімнің физикалық теңдессіз бөлшегіммен бөлісе отырып әрі оны блокчейнге жаздыра отырып, бұл цифрлық активтің болашақта қаншалықты құнды әрі сұранысқа ие болатынын соңына дейін болжай алмаймын. Болашақта адамның жеке басын анықтап, сәйкестендіру мен дербестендірудің тағы қандай технологиялары пайда болатыны және сұранысқа ие болатыны белгісіз", - дейді суретші. 

Александр аукционда өз саусақ іздерін кемінде бір миллион долларға сатудан үмітті болып отыр.

Одан бөлек, суретші жақын арада қолмен ұстау арқылы сезіне білу қабілетіне қатысты бірқатар туындыларын көпшілік назарына ұсынуды жоспарлауда.
 
Фото: pixabay.comЕске салсақ, бұған дейін Қытайда көк тиынға тамақ сатып жүрген фермер аяқ асты жұлдызға айналып, ауылын гүлдендіргенін жазға
н едік.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.