Еліміздің тағы бір облысы "қызыл аймаққа" енді

323

Фото: видеодан скриншотДенсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздің тағы бір өңірі яғни Ақмола облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймаққа енгенін мәлімдеді.

Министрдің сөзіне сенсек, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, бүгінгі таңда елеміздің жеті өңірі "қызыл" аймақта.

Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстары. 
Одан бөлек, Алексей Цой Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары 28 күн бойы "қызыл" аймақта екендігіне баса назар аударды. 

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы - 20 күн, Атырау облысы - 2 апта, Ақтөбе және Алматы облыстары - бір апта, Ақмола облысы - бір күн бойы "қызыл" аймақта екенін атап өтті. 

Ал "сары" аймақта еліміздің екі өңірі- Шымкент қаласы және Қарағанды облысы тұр. Қалған 8 өңір "жасыл" аймақта. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.