іPhone емес: Елімізде ең көп сұранысқа ие смартфон маркалары анықталды

368
Қазақстанда ең көп сұранысқа ие смартфон маркалары белгілі болды 

Былтыр еліміздің тұрғындары бес миллионға жуық смартфон сатып алған. Оның ішінде батырмалары бар
телефондардың үлесі жалпы сауда көлемінің тек 9%-ын құрап отыр. 

Телерана мәліметіне сенсек, 2020 жылы пайдаланушылардың смартфонға қатысты таңдауы өзгерген. Нәтижесінде Huawei маркалы телефондарға сұраныс төмендепті.
 
Егер 2019 жылдың басында бұл өндіруші қазақстандық нарықтың төрттен бір бөлігін иеленсе, 2020 жылдың соңында ол ең көп сатылатын ұялы телефондар рейтингінде төртінші орынға ие жайғасқан. 

Үшінші орында OPPO орналасқан. Екінші орынды Xiaomi иеленіп отыр. Үздік тізімнің көшбасшысы Samsung
болды. Ол әлі күнге дейін еліміздегі смартфондар нарығының кем дегенде жартысын алады. 

Apple айтарлықтай сұранысқа ие болмауда. Оның қараша айында шығарған іPhone 12 моделі тізімде көш басынан көрінбеген.

Сонымен тізімге сәйкес сұранысқа ие смартфондардың үлесі келесідегідей: 

1-орын. Samsung - 50,5%; 

2-орын. Xiaomi - 22%; 

3-орын. OPPO - 11%;

4-орын. Huawei - 6%;

Өзге брендтер - 10,8 %