Жаңақорғандық тұрғын қате диагноз қойған дәрігерлер жазасын алсын дейді
Елімізде дәрігердің қателігінен жапа шеккендер санап артып келеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ісіне салғырттық танытып, сау адамды сал еткен, өмір сыйлаудың орнына өлім құштырған медицина мамандары қылмыстық жауапкершілікке жиі тартылатындығынан хабардар болып жүрміз. Дәрігер қателігін дәлелдеу қиын деп жүргенде жұрт не өтемақы ала алмай, не сотқа шағымдана алмай, сан соғып қалатыны тағы бар. Тіпті дәрігердің нұсқаулығымен берілген дәрі-дәрмектің кері әсері тиген жәйттер де жетерлік. Солардың бірі Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданының тұрғыны Сапарбаев Марат Талғатұлы аудандық дәрігерлердің салғырттығынан ұлымның қос жанарына зиян келді деп наразылығын білдіруде.
Дәрігерлерден қателік кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Өмір болған соң қате-кемшіліктер де кездесіп қалатыны расҚазіргі медицина адамды аман алып қалуға кепілдік беруге қауқарлы емес. Мұны да ескеру керек секілді.
Отбасыма дәрігерлерден көмек емес зияны көбірек тиді деген әкенің бүгінде 12 жасар ұлының қос жанары жасқа толып отыр. Арафаттың мектеп табылдырығын аттамай, емхана мен ақылы клиникаларды жағалап жүргені өкінішті. Айта кету керек, аудандық дәрігерлер үстміздегі жылдың басында Еңбек кодексінің 64,65 баптары бойынша «Сөгіс» пен «Ескерту» алғаны да жасырын емес.
Дәрігердің берген көз тамшысы ұлымның көзін ашытып, мүлдем жарыққа қараса көзі жасаурап, күнге қараудан қалды. Жіберілген ағаттыққа кім жауап береді? Балалардың денсаулығына немқұрайлы қарайтын дәрігерлер қанша өмірге балта шапқанын қаламаймын. Сондықтан қызметін босатуын талап еткен әке ауруханаға ұлымды жатқызуға қорқамын дейді.
Баласының жанарын қайта қалпына келуі үшін тау мен тасқа соқтыққан әке ауданнан облысқа ат басын бұрып әділдік іздеп келген болатын. Алайда, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы
Шаймбетов Жангельды Мырзагельдиевичтің қабылдауында болғанын атап өтті.
Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қам-тамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Десек те, ақ халатты абзал жандарымыздың өлім мен өмірдің арашасы екенін ұмытпағанымыз абзал.