Киелі Түркістан облысында үшем дүние есігін ашты

272

Ленгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақерке Сергебаева облыстық №1 периниталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Балжан, Мағжан, Тоғжан есімдері берілді.

Бұл үшемдер мерзімінен ерте туылған, периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көметімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған. Үшемдер перзентханадан шығуға әзір. Үшем дүние келген отбасының бір ұл мен үш қызы бар. Отағасы да, көп балалы ананың өзі де мектепте жұмыс істейді. 

"Қорқыныштар болды, әрине. Алланың сыйына сансыз шүкір. Сәбилерімді бағып, күткен дәрігерлерге шексіз алғыс білдіремін", -дейді үшемнің анасы. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысында 10 мыңнан астам сәби дүниеге келді.