ТУҒАН БАЛАСЫН 57 ЖЫЛ БОЙЫ КӨРМЕГЕН ЕР АДАМ ҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

300

Фото: видеодан скриншотАмерикада бөтен адамға туған ұлын бере салған ер адам 57 жылдан кейін баласымен қауышты.
Оңтүстік Каролина штаты Мертл-Бич қаласының тұрғыны онлайн ДНҚ тестінің арқасында жарты ғасырдан астам уақыт көрмеген баласын тауып алды. 

Ричард МакКлири туған баласы Джимді қолына небәрі екі мәрте алған екен. Соңғы рет оны 1963 жылы көрген. Сол кезде баланың анасы оны асырап алушыларға берген көрінеді. 

Содан бері Ричард нәрестенің өмірінен бейхабар болыпты. Ұлын тапқысы келген ол онлайн ДНҚ тестінен өткен. Джим де өзінің биологиялық әкесін табу мақсатында ДНҚ тапсырған. Осылайша, екеуінің нәтижесі бір-бірімен сәйкес келген. 

Джим Ричард МакКлиримен байланысқа шығып, кездесуді жөн көріпті. 23 сәуір күні әкесі мен баласы ұзақ уақыттан кейін табысқан. 

Джим әйелімен бірге әкесіне бір аптаға қонаққа келген. Ер адамдар әуежайда жылап көрісіп, бір-бірін бауырына
басқан. 

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласында төбет иесін құтқарып қалғанын жазған едік.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.