Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы жанжалды реттеу туралы хаттамаға қол қойды

272

Фото: Қорғаныс министрлігіҚырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қарулы жанжалды реттеу бойынша бірлескен мәлімдеме жасады.

Басылым мәліметінше, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы жанжалды реттеу бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтері бастамасымен құрылған комиссия 29 сәуір күнгі қақтығыстың себебі мен салдарын талқылаған.

Нәтижесінде қаруланған жанжалды тоқтату туралы ортақ келісімге келді.

Атап айтқанда, жеке құрам мен әскери техниканы тұрақты орнына жеткізу, шиеленістің күшеюін болдырмау үшін шаралар қолдану, екі дос халық пен мемлекеттің мүддесіне сай жемісті келісу процесі үшін көзделген шараларды толық жүзеге асыру мен тиісті тұрақты жағдай тудыру мақсатында екі ел билігінің құқық қорғау органдары мен атқарушы билік қызметкерлері қатарынан ортақ жұмыс тобын құру талқыланды.