Ашынған арулар ақыры қақтығысқа барды

311

Билік тәртіпті қамтамасыз ету үшін 2 мың 700-дей әйел полицей тартқан. Ашынған арулар ақыры қақтығысқа барып, 15 полицейді жарақаттады. Тағы 4 тұрғын зардап шекті. Осындай шеру былтыр да өткен болатын. Бірақ ол кезде адам қарасы көп болған еді. Биыл коронавирус шектеулеріне байланысты белсенділер аз жиналыпты. Мексика үкіметінің мәліметі бойынша, өткен жылы 939 қыз-келіншек зорлы-зомбылық құрбаны болған. Соңғы 5 жылда әйелдерге қатысты қылмыс деңгейі 130 процентке артқан. Хуана Санчес, ереуілші: 

– Әйелдер 5 жылдан бері зорлық-зомбылықтан көз ашпай келеді. Бұл елдегі жүйе дұрыс емес. Президент Андрес Мануэль азаматтарды емес, қара басын ғана ойлайды. Оны бізге қамқорлық жасасын деп сайлап едік, бірақ сенімді ақтамай тұр. Ыстамбұлдағы Таксим алаңына мыңға жуық әйел жиналды. Олар биліктен қыз-келіншектерге қарсы зорлық-зомбылыққа тоқтау салуды және жазаны қатаңдатуды талап еткен. Түркияда соңғы 8 жылда әйелдерді өлтіру қылмысы 2 есе көбейген. Былтырдың өзінде 51 нәзік жанның өмірі қиылса, тағы 26-сы жұмбақ жағдайда көз жұмған. 

Хейл Кей, белсенді: – Бізді қорғауға тиіс полицейлер өзімізге шоши қарайды. Бұл деген сұмдық нәрсе. Тәртіп сақшылары мұздай қаруланған. Ал біз алаңға жалаңқол келдік.