"Дөкейлердің тойын басқармаймын"- Қанат

1 616
Қызылордалық әзілкеш Қанат Әлжаппаров қандай тойларға қатыспайтынын айтып берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Автомат" лақап атымен танымал болған әзілкеш Қанат Әлжаппаров еліміздегі сұранысқа ие, әрі ең қымбат асабалардың бірі. Десе де қазақтың қара домалақ баласы дөкейлердің тойын басқармайтынын дүйім жұртқа "Ұйқым келмейді" бағдарламасында атап өтті.

"Байлар тойына шақырмайды.... Реті келгенде айтқанбыз. Қазір енді бай-дөкей дейтіндей, бәрінің жағдайы жақсы ғой. Енді орысша басқаратын тойлар белгілі болады. "Здравствуйте, это Канат, да?", - деп бастайды. Сол кезде мен де бірден сұраймын. Егер той орысша өтетін болса, бас тартамын. Орысша жүргізе алмаймын. Ұят болып қалмау үшін, жауапкершілікті алмаймын", - деді Қанат.


Сондай-ақ Әлжаппаров өзінің той басқарғаны үшін алатын гонорарын да жасырмай жария етті.

 "Нақты бір сома жоқ. Кейде жақсы басқарғаным үшін келісілген қаражаттан асырып беретіндер бар. Бір миллион, кейде бір жарым миллион. Бірақ екі-үш миллион алған кезім болмапты. Олай алуға да ұяламын", - деді әзілкеш.