«Ажырасып кетті ме?»: Аша Матайдың күйеуі Арман Қоңырдың шетелдегі суреті желіде күдік тудырды

2 504

Фото: Instagram.com/armankonyr/Әнші Арман Қоңырдың әлеуметтік желіде жариялаған кейінгі суреттері көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары оның модель Айдана Рахымбаевамен бір жерде суретке түскенін байқап, екеуінің арақатынасына қатысты түрлі болжам айта бастады, - деп  хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Желіде тараған жазбада Арман Қоңыр мен Айдана Рахымбаеваның бір локациядан фото жариялағаны салыстырылып көрсетілген. Осыдан кейін оқырмандар олардың бір жерде бірге болған-болмағанын қызу талқылап жатыр.

Пікір білдіргендердің бір бөлігі мұны жай ғана сәйкестік деп қабылдаса, енді бірі олардың арасында жақын қарым-қатынас болуы мүмкін деп топшылаған.

“Арман шетелде басқа қызбен жүр ғой. Аша екеуі ажырасып кеткен бе?”, “Ашаның өзін дәлелдегісі келіп, Құрылтайға бару себебі осы екен ғой”, – деген пікірлер де жазылған.

Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңырдың отбасылық қарым-қатынасына қатысты әңгімелер бұған дейін де бірнеше рет тараған. Желі қолданушылары жұптың кейінгі жылдары бірге түскен суреттерін сирек жариялайтынын, ал әлеуметтік желідегі парақшаларында көбіне балаларына қатысты жазбалар бөлісетінін байқаған.

Дегенмен Аша Матай да, Арман Қоңыр да жеке өміріне қатысты айтылып жүрген әңгімелерге ресми пікір білдірген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.