"Келешек үшін алысып жатқан құлыным қандай күйде екен": Роза Әлқожаның қызына ота жасалды

1 216

Отандық әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде қызына ота жасалғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


"Қиналғанда әлеуметтік желіде ел тілеуіңді тілесе, маған көп тілеуі көбірек қабыл болатындай көрінеді. Екі күннен бері әрқилы күй кештік. Адамға оңашада түрлі ой келеді. Қызымның қасында жататыным стресс болды. Жалпы, басқалар оңай қабылдайтын нәрсенің бәрі мен үшін қиын. Бір жарым сағатта қызымды қатты сағындым. Жақсы ойлайын деп көңілімді басқа жаққа бұрсам да, ағзасы келешек үшін алысып жатқан құлыным қандай күйде екен деп алаңдап отырдым. Шүкір, ең бастысы ота сәтті өтті. Дәрігерлерге мың алғыс! Тілекші болған сіздерге рахмет", - деп жазды Роза Әлқожа.


 Сонымен қатар әнші қызына ота жасатуға не себеп болғанын да ашып айтты. 


"Екі мұрынына ет өскен. Соның кесірінен сол құлаққа сары су жиналған. Түнде аузымен демалып, қорылдап ұйықтайтын. "Негізі оденоидпен алты жасқа дейінгі балалар келеді. Ет әбден өсіп, тамаққа жеткен екен, сол үшін ұзақ жасадық" дейді дәрігер. 


Сегіз жас деген үлкен екен. Біз болсақ, оны кететіндей көрдік. "Оқу біткен соң бір-ақ жасайық" деп создық. Екі апта жүгіруге, секіруге болмайды. Күтім керек деп бүгін үйге жіберді", - деп баяндады Роза Әлқожа.