«Праваны айтсайшы, праваны!» - Төреғали Төреәлі

1 302

Жақында қамаудан шыққан Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жазба жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде бостандыққа шыққан Төреғали Төреәлі тойға шықан сәтінен бейнежазба жүктеді.


«Ер жігіттің жарамас жылағаны,

Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны.

«Орнында бар оңалар», бәрін қойшы

Праваны айтсайшы, праваны!», - деп жазды ол.


Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір жазған.


«Праваны қойшы, ата-ананың ауырған жүрегі мен абыройды айт. Балалар ес білгенде», «Ондай анда-санда боп тұрады, Төрешті бәрібір кешіргің кеп тұрады», «Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Ең бастысы аман бол. Кәусардай алтының бар. Тоғжандай асылың бар. Толқындай жақұтың бар. Тілеулес қазағың бар», «Ақ Төреш, бауырым, амансың ба? Хэйтірлерге онсызда жамансың да. Қандай жағдай болмасын уайымдама, Әрқашан қолдар қазақ бар қасыңда» - деп жазды олар.


Желіде жақында бостандыққа шыққан танымал әнші Төреғали Төреәлінің тойға шықан сәтінен видео тараған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.