Абай Бегей қызың жасауына қанша ақша жұмсағаны белгілі болды

2 230

Фото: Instagram/abai_begeiОтандық танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбаттың жасауына қанша ақша жұмсағаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

16 жасында тұрмысқа шыққан бойжеткеннің жасауы әлі күнге дейін ел арасында талқыланып жатыр. Ел көкейіндегі сұраққа Сымбат Абайқызының жеңгесі жауап берді. Ол әкесі сыйлаған көлікті есептемегенде шамамен 40 млн теңгедей қаржы жұмсалғанын ашып айтты. 

"Бәріне қызық болып жатқан бір сұрақ бар. Сымбаттың жасауына қатысты екен. Қызымызға әкесі-анасы, әжесі мен әпкелері болып аянбай бердік. Үйлену тойындағы сыйлаған көлікті есептемегенде 40 миллион теңгедей кетті. Өзіне ғана бұйырсын деп ең жақсысын алдық. Бастысы бақытты болсын", - деп жазды Абай Бегейдің келіні.

 Сонымен қатар ол Сымбаттың қалыңмалы қанша болғанын да жария етті.

 "Құдаларымызға Алла разы болсын. Ешкімнен артық та, кем де қылмай 3 миллион теңге әкелді", - деп жазды жеңгесі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.