Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының жаһандық ізгі ниет елшісі атанды

2 532

Фото: dimashnews.comЖеневада өткен БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымының сессиясында әнші Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгі ниет елшісі мәртебесі берілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл атақ оның мигранттарды қолдау, гуманитарлық жобаларды ілгерілету және қайырымдылық шараларына белсенді қатысуына орай табысталды.

2024–2025 жылдары Димаш ХКҰ-мен бірлескен ақпараттық компанияларға қатысып, осал топтарды қорғау мәселелерін көтерді. "Stranger" әлемдік туры барысында ол инклюзивтілік пен тұрақтылықты насихаттап, көрермендерді ұйым жұмысына қолдау көрсетуге шақырды.

ХКҰ бас директоры Эми Поуп оның еңбегін жоғары бағалап, өнерпаз ұйым миссиясының жаһандық деңгейде танылуына үлес қосқанын атап өтті. Димаш бұл мәртебені үлкен жауапкершілік деп қабылдап, гуманитарлық бастамаларды қолдауды жалғастыратынын айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.