"Әкем анамды өлтіріп қоя жаздаған"

604

"Жұлдыздың жары" бағдарламасында  Жұлдыз Өмірғали балалық шағындағы  өкпе-реніші жайлы ашық сұхбат берді деп хабарлайды "Opennews.kz " ақпарат агенттігі. 


Жұлдыз бала кезінде отбасының дұрыс моделін көре алмадым, дейді. Оған себеп әкесінің үнемі ішімдік ішіп келіп, анасына қол көтеретінін айтты. 

"Ауылдық жерде адамдар ішімдікке құмар болады. Әкемнің сондай әрекеттерінен жөнді отбасылық үлгіні көрмедім. Ол немен аяқталды? Отбасы сынып, бәрі жан-жақта қалды. Біз ата мен апаның қолында, анам басқа жақта, әкем өмірден озды", - дейді Жұлдыз.
Әкесі анасына үнемі қол көтеріп отырған. Тіпті:
"Өлтіріп қоятындай жағдайға да жеткен болатын. Бірақ Құдайға шүкір анам тірі қазір, өзінің отбасы, жолдасы бар. Есімді білгелі, әкем мас келе жатыр дегенді тарс жабылған темір қақпадан білетінбіз. "Төсектің астына барып тығылыңдар" деген белгі болатын бізге. 

Қорқынышпен өмір сүрдік. Қазір Айқынмен қатты ренжісіп, дауыс көтеретіндей жағдайға жетсек, бірден сондай күй кешемін. Төсектің астына барып тығылып қалғым келеді", - деп ақтарылды өнер жұлдызы.