Қайтадан ғашық болғым келіп жүр
398
Отыздан асқан Сиви Махмуди қайтадан ессіз ғашық болсам екен дейді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, әнші өткен жылдың желтоқсан айында күйеуімен ажырасқаны жөнінде хабарлады. Айтуынша, ол 10 жыл бойы ата-анасының үмітін ақтап, отбасын сақтап қалуға тырысқан. Алайда осыдан 1,5 жыл бұрын күйеуімен айырылысуға шешім қабылдаған. Үш баласының әкесі перзенттеріне алимент төлемейді екен.
Ал Сивиге ғашық жігіттер оның ажырасқанын білген соң, іске көшкен сыңайлы. Әншінің желідегі парақшасына толассыз хаттар мен кездесуге ұсыныстар жиі түседі. Алайда Махмуди көбінесе бас тартады. Ал жуырда өткен 8-наурыз мерекесінде Махмуди көптеген сыйлықтар келгенін жасырмай айтты.
"Ғашық болғым келіп жүр, бірақ өзіне ғашық ететін, іс-әрекетімен дәлелдейтін ер-азаматтар аз, өкінішке орай", - деп ағынан жарылды Сиви.