Сәкен Майғазиев «МузАРТ» тобына қалай келгенін айтты

2 505

Фото: sn.kzӘнші Сәкен Майғазиев «МузАРТ» тобы қалай құрылғанын айтты, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, топқа қосылу туралы алғашқы ұсынысты Мақсат Базарбаев айтқан. Әнші Мейрамбек Бесбаевпен танысқан сәтін еске алды.

«Топқа қосылуды Мейрамбек пен Мақсат ұсынды. Мейрамбекті кездейсоқ көріп қалдым көшеден. Ол кезде мейрамханаларға ән салып жүрген едім, студентпін. Көкбазардың қасында автобус аялдайтын жерден таңғы сегізде Мейрамбек өтіп бара жатыр. Айқайладым, сөйтіп жанына бардым. Мейрамбек «Сені іздеп жүргенімізге қанша болды» деді. Ол кезде телефон жоқ, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген кезіміз. Сосын кешке мейрамханаға барып, топ құру туралы идеясын айтты. Олар негізі Саят Медеуовті алғысы келген. Мақсат дауысы ашық деп, мені ұсыныпты. Бірақ үшеуіміз бір-бірімізге ұқсамауымыз керек, үш түрлі дауыс болуы қажет деген шешімге келіп, мені таңдаған», - дейді әнші «Хабар» арнасына берген сұхбатында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.