Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырды

500

Фото: https://www.instagram.com/tolkynzabirova/Қазақстандық эстрада жұлдызы Толқын Забирова екінші мәрте коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Өнер иесінің сөзінше, бұл жолы дерт жеңілірек өтіп жатыр.

Толқын Забирова қауіпті індетке қайта шалдыққанын Instagram желісінде хабарлаған. Әнші бірнеше мәрте инфекцияны жұқтырғанша, дер кезінде вакцина салдырған дұрыс деген тұжырымға келген.

"Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес,деп жүріп. Антителаның арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек мамама ауыр болып тұр! Жасы 74-те. Алла шипасын берсін мамама. Дер кезінде вакцина алған дүрыс екен. Бір-ақ осындай жаста,үлкендерге жасатуға боларма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық,достар" , - деп жазды Забирова. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.