Досымжан Таңатаров қызын ұзатты

437

Белгілі әнші Досымжан Таңатаров Қаракөз есімді қызын ұзатып, "қайын ата" атанды. Өнер иесі елорда төңірегіндегі мейрамханалардың бірінде дүркіретіп той жасаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Фото: https://www.instagram.com/dossymzhan_tanatarov/Әншінің отбасылық қуанышына өнердегі әріптестері ортақтасты. Тойға келген Ақбота Керімбекова: 


"Өнер жолында қатар келе жатқан сапарлас дос-жарандармен Досымжанның шаңырағындағы қуанышқа ортақтастық!
Досымжан деген есімді ортасынан қақ бөліп, орнын ауыстыра оқысаңыз, Жандосым болады ғой. Екі атауға да лайық Досик бізге өте жақын! Балалардың бақытын қатар көріңдер, Досымжан-Айнұр! Уақыт деген-ай, ә, Досик, сенің де қайын ата болғаның ғой
", – деп жазды желідегі парақшасында.


Одан бөлек, Таңатаровтың тойына Нұрлан Өнербаев, Дастан Оразбеков, Бауыржан Есебаев, Әділ Ахметов, Ұлықпан Жолдасов, Саят Медеуов, Қанат Айтбаев, Серікзат Дүйсенғазы, Қалқаман Сарин сынды өнер өкілдері қатысқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.