Қызылордада газды қарумен атқан тұрғын ұсталды

211
Ауаға газды қарумен атқан қызылордалық тұрғын әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


12 қарашада белгісіз азаматтың газды тапаншамен ауаға оқ атқан видеосы желіде жарияланған. 

Тексеру барысында, оқиға Қызылордада той өткізу кезінде орын алған. Ешкім зардап шекпеген. 

Аталған дерек бойынша 24 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 484-бабы (Азаматтық, қызметтік қаруды пайдалану тәртібін бұзу), 485-бабымен (Газды қаруды құқыққа қарсы қолдану) хаттамалар толтырылып, 7 тәулікке қамауға алынған.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.