Ұлытауда "Қазақмыс" кенішінен ер адамның мәйіті табылды

163
"Қазақмыс" корпорациясының кеніштерінің бірінде пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мәйіт "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішінен табылды. Марқұм Өскеменнен іс-сапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болған. "Жомарт" кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.

"17 қарашада "Қазақмыс" корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.Бұл факт ҚР ҚК "Кісі өлтіру" 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелгенҚазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.