Әкімдіктен несиесін кешіруді талап еткен көп балалы анаға айыппұл салынды

328
Ақтөбе қаласында әкімдік қызметкеріне балағат сөздер айтқаны үшін көп балалы анаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



15 желтоқсан күні сағат 12:30 шамасында көп балалы аналармен бірге қала әкімдігінің ғимаратына бір әйел несие бойынша қарыздарын өтеуді талап етіп келген. Әкімдік қызметкерлерімен кездесу барысында ол мәдениеттілікті сақтамай қоғамдық орында әкімдік қызметкерінің атына балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

И. қызметтік міндеттерін орындап, заңсыз әрекеттерін тоқтатуға тырысқан, полиция қызметкерлерінің бөлімшеге бару туралы өтінішіне жауап бермеді, - деді соттың баспасөз қызметі.

Көп балалы ананың кінәсі бейне жазбамен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да материалдармен расталаған.

Нәтижесінде, ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" және ӘҚБтК-нің 667-бабы "Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау" бойынша кінәлі деп танылып, оған 35 АЕК (107 205 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.