Қызылордадағы жантүршігерлік апаттан 2 адам көз жұмды
367
Қызылорда облысының аумағындағы тас жолда орын алған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.24 желтоқсан күні сағат 10:50 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 1270-шақырымында (Арал ауданы) жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, - деп жазды ІІМ-нен.
Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Тағы да оқыңыздар

Шаруасы шалқыған Шаған
1 539
Қаз
Рус





