«Tik-Tok-тағы ойыннан балалар суицид жасауда»

236
Елімізде WhatsApp желісі арқылы ер адамның аудиожазбасы таралып жатыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Дауыстық хабарлама авторы 13 жасар қызы суицид жасағанын, ол мұндай қадамға Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі ойыннан кейін барғаны жайында айтады. Ер адамның айтуынша, қызы 12 қаңтарда өз-өзіне қол салған. Дәл сол күні Таразда тұратын тағы екі бала Tik-Tok-тағы ойын кесірінен өмірін үзген.

«12-сі күні 13 жасар қызымды жоғалтып алдым. Әйеліммен үйге келгенде қызымызды баспалдақта асылып тұрған күйінде таптық. Балалардың телефонын тексеріп тұрыңыздар, өтінемін. Мұның барлығы телефоннан екен. TikTok-та бір ойын бар, онда турлардан өтеді. Алдымен, ұстараның жүзімен тамырын кеседі, кейін асылып өледі», - дейді аудиожазбадағы ер адам.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі бұл ақпарат жалған екенін айтады.



«Бұл ақпарат расталған жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.