Шаған ауылында жер дауына қатысты мәселеге нүкте қойылды

1 238
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Шаған жер дауына әділ шешім қабылдады,-деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
 

Серіктестіктің 2021 жылғы 27 қарашадағы «Шаған Жер» ЖШС-і құрылтайшыларының кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы заңсыз деп танылып, жауапкер «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы органына серіктестіктің 14 қатысушыларының талабы бойынша жарғылық капиталдағы жер үлестерін бөліп шығару жөнінде серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу туралы шешім қабылданды.


Сотта кезектен тыс жалпы жиналыста серіктестікке жер үлестерімен қосылған қатысушыларды серіктестік қатысушыларының құрамынан шығарған жағдайда, жер учаскесін пайдалану, бөліп шығару тәртібін бекітумен қатар серіктестікке жер үлестерімен қосылған қатысушылардың арыздарының негізінде оларды серіктестік қатысушыларының қатарынан шығару, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша өзгерістерді құзыретті органда тіркеу бойынша өкілеттіктер беру мәселелерін бір мезгілде қаралуын заңсыз деп есептелінді. Себебі аталған тәртіпті бекіте отырып, сол мезетте, яғни бір жиналыстың аясында талап қоюшыларға қатысты оны қолдануы негізсіз болып табылды.


Сонымен қатар сотта «Сыдариясушар» өндірістік учаскесінің аға инженергидротехнигі А.Ердаулетов маман ретінде қорытынды беріп, (Шаған Жер» Серіктестігінің теңгеріміндегі XII-ауыспалы егістігінің талап қоюшыларға берілген 1,2,5,6,7 танаптарына су жеткізу мүмкіндігі өте төмен екенін көрсетті. Осыған орай, серіктестік 2022 жылдың 18 желтоқсанында осы мәселелерге қатысты жалпы жиналыс өткізіп, үлескерлердің жер үлестерін бөліп беру жөнінде хаттамалық шешім қабылданды.

Осы орайда жер үлескерлеріне құқықтық көмек көрсетіп, сотта және басқада мемлекеттік органдарда үлескерлердің мүдделерін қорғаған, іс бойынша заңгерлердің басын біркітіріп бас бола білген Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Жамбыл Қожамұратұлы Ерғалиевке және Заңгерлер Ринат Бегимбаевқа, Байменов Нұрсұлтан Шаяхмедұлына шексіз алғысымызды білдіреміз. Аталған азаматтар тәжірибелі заңгерлер екендігін көрсетіп, барлық жағдайлардан бізді аман есен алып шықты. Сонымен бірге Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Сансызбаева Ақсүйрік ханымға да алғысымызды білдіргіміз келеді. Азаматтық істі қарау барысында судья А.Сансызбаева  дәлелдемелерді жаң-жақты зерттеп, тиісті бағасын бере отырып, серіктестіктің 2021 жылғы 27 қарашадағы «Шаған Жер» ЖШС-і құрылтайшыларының кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы заңсыз деп танылып, жауапкер «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы органына серіктестіктің 14 қатысушыларының талабы бойынша жарғылық капиталдағы жер үлестерін бөліп шығару жөнінде серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу міндеттеу туралы әділ шешім қабылдады,-дейді Серіктестік қатысушылары.