Қызылордада пробация есебіндегілер мұражайға барды

704
Қызылорда облысы Шиелі ауданыңдағы пробация есебіндегі азаматтарға Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейіне экскурсиялық шараға барды,деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


 Музей қызметкерлері пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға күріштің бабын жасап қалай өсірілетіні жәйлі айтып, дүние жүзілік рекорд жасаған қазақтан шыққан диқаншы Ыбырай Жақаевтің ерен еңбегі мен жеткен жетістіктері жайында әңмілеп берді.  Сондай-ақ,  өмірінде тұтынған бұйымдарымен таныстырды.


 
Бүгінгі іс-шарадан есептегі азаматтар тәлімді тәрбие алды деп ойлаймын. Қарапайым еңбек ардагерінің үлгі өмір жолымен танысып, тұтынған заттарын көріп, ғибраты мол тұлғаны танып білді.  Мұражайдағы тарихи жәдігерлердің тарихымен таныс болды. Бұндай іс-шаралардың олардың қайта қылмыс жасамауына игі ықпалы болатыны анық.  Сондықтан алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады - дейді, пробация қызметінің инспекторы Б.Оразалиев
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.