Бюджеттің 164 млн теңгесі жалған ұйым арқылы қолды болған

1 497
Ақтөбеде жалған ұйым арқылы мемлекет қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Ақтөбеде ЖШС атынан жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі тіркелді.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуі тиіс шығыны 164 млн теңгеден асты.Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеуде жоқ болып шыққан. Ал құжат бойынша басшысы Ю.В. Авдонин қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұрады және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті, - делінген хабарламада. 

Сот шешімімен ЖШС мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.