Қызылорда облысының делегациясы Өңіраралық инвестициялық форумға қатысты
101

Үстіміздегі жылдың 21 наурызында Шымкент қаласында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары және Шымкент қаласы әкімдіктерінің қатысуымен өңіраралық инвестициялық форумы өтті. Қызылорда облысының делегациясын облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов бастап барды.
Басты пленарлық мәжілісті Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ашты. Форумға Сыртқы істер министрінің Алмас Айдаров, Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Ілияс Оспанов, ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев қатысып сөз сөйледі.
Қызылорда облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қожаниязов өңірдің экономикалық дамуы және инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, Қызылордадағы «Орда Glass» шыны зауыты шымкенттік «Авангард» серіктестігімен шыны жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойды.