Қазақстандық блогер Instagram-дағы видеосы үшін өтемақы төлеуге міндеттелді
Ақтауда сот қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу әрекеттерінің видеосын жариялаған блогерді жауапкершілікке тартты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Талап-арызға қылмыстық іс бойынша жәбірленуші екі адамның бейнесі олардың келісімінсіз жарияланған видео негіз болған. Жоғарғы соттың хабарлауынша, Ақтау тұрғыны қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің бейнежазбасын өз парақшасында жариялаған. Кадрда іс бойынша жәбірленуші ретінде қаланың екі тұрғыны көрсетілген.
"Азаматтар сотқа шағым түсіріп, өз суреттерін пайдалануға және таратуға келісім бермегендерін атап көрсеткен. Олар бейнематериалды алып тастауды және моральдық зиянды өтеуді талап еткен. Азаматтық кодекстің 145-бабына сәйкес, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтың суретін оның келісімінсіз пайдалануға тыйым салынады", - делінген хабарламада.
Ақтау қалалық №2 соты іс материалдарын қарап шыққаннан кейін жауапкердің оның қоғам қайраткері немесе штаттан тыс журналист екендігі туралы дәлелдерін ескермеген. Сот жарияланған бейнежазбаның жарияланған адамдардың келісімі талап етілмейтін материалдар санатына кірмейтінін атап өтті. Сонымен қатар бейнежазбаның көпшілікке жариялануы, сондай-ақ оған қоса берілген теріс пікірлер талап қоюшыларға моральдық күйзеліс тудырғаны анықтаған.
"Зардап шегушілер бар бейнежазбаның жариялануын заңсыз деп тауып, сот блогерге бейнежазбаны Instagram парақшасынан алып тастауды және талап қоюшылардың әрқайсысына моральдық зиян үшін 200 000 теңгеден өтемақы төлеуді міндеттеді" - деді ҚР Жоғарғы соты.
Сот шешімі заңды күшіне енген.







