Қызылорда мұнайы экспортына квотаны ұлғайту ұсынылды
Қызылорда мұнайы экспортына квотаны ұлғайту ұсынылды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Депутат Руслан Рүстемов Сенат отырысында Қызылорда облысынан шетелге көбірек мұнай сатуға рұқсат беруді ұсынды.
«2017 жылдан бері Энергетика министрлігі Қызылорда облысына мұнай экспорты квотасын ұлғайту мәселесі «Кенкияқ-Атырау» реверсі жобасы іске қосылғаннан кейін ғана техникалық мүмкін болады деген ұстанымда болып келді», – деді Руслан Рустемов Сенат отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдай отырып.
Оның айтуынша, аталған жоба Қызылорда облысындағы жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі нарыққа мұнай жеткізу жүктемесін 80%-дан 50%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беруі тиіс еді.
Мұнай – әлемді асырып отырған, ең қажетті пайдалы қазбалардың бірі. Бәрінен бұрын мұнай транспорт отыны ретінде қажет болса, одан бөлек оны мұнай-химиялық өнеркәсіп саласында кеңінен қолданады. Сонымен қатар, фармацевтикада (дәрі өндірісі) мұнайдың қолданысы артып келеді.
Мұнай – «барлық пайдалы қазбалардың анасы»: оларды өндірудегі энергия көзі. Адам денесіндегі қан айналым жүйесі секілді, мұнай әлемнің «қаны» іспеттес. Мұнайсыз барлық сала өз жұмысын тоқтатады.
Мұнай — көміртек және сутегі молекулаларынан және ыдыраған ағзалардың (балдыр, планктон, жерасты өсімдіктері) жиынтығынан тұратын сұйық қазба отын. Органикалық зат бірнеше жылдар бойына теңіз, мұхит астарында, жер қыртыстарында жинақталады. Нәтижесінде қатты зат — кероген пайда болады. Ол қысым мен 50-300 Цельсий градусында белсенді бола түседі. Миллиондаған жылдар бойына жинақталған кероген мұнайға, табиғи газ, көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды. Тау шөгінділері арқылы судың жылжуы жердің астыңғы қабатында көмірсутектің жинақталуына алып келеді – нәтижесінде мұнай коллекторлары түзіледі.
Көмірсутектердің құрамдық ерекшелігіне сәйкес мұнай коллектордан коллекторға өзгеріп отырады.
«Алайда, 2021 жылы аталған реверс қолданысқа берілгенімен, Энергетика министрлігі Қызылорда облысында мұнай көлемінің сарқылуына байланысты квотаны ұлғайтудың мүмкіндігі жоқ екендігін айтып отыр. Аталған мәселе Үкімет тарапынан егжей-тегжейлі қаралып, қолдау тапқан жағдайда Қызылорда облысындағы бірқатар өзекті әлеуметтік проблеманың шешімі табылатыны анық», – дейді халық қалаулысы.
Депутат келтірген деректерге сәйкес, Қызылорда облысының мұнай өндіруші компаниялары өнімнің 80%-ын ішкі нарыққа сатады, 20%-ы ғана экспортқа кетеді.
Сенатордың пікірінше, ішкі нарықтағы мұнай баррелінің құны әлемдік бағадан 2,5 есе төмен. Демек, мұнайшылар айтарлықтай сомадан қағылып отыр.
Қазақстанның мұнай саласы
Қазақстанда мұнай 1899 жылы Атырау облысындағы Қарашүңгіл кен орны аумағында өндіріле бастады. Содан бері бұл шикізат ұлттық экономиканың негізіне айналды. Forbes.kz мәліметінше, 2019 жылғы жағдай бойынша, елде 250-ден астам мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. Мұнда мұнайды 104 кәсіпорын өндіреді. Елдегі 30 ірі салық төлеушісі дәл осы 2019 жылы ел бюджетіне 4,9 трлн теңге салық әкелді, оның 4,3 трлн теңгесі мұнай-газ компаниялары үлесіне тиді. Бұл сала Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің 44%-не тең. 2020 жылы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, ішкі кен орындарында 85,7 миллион тонна мұнай және ілеспе конденсат өндірілген, 2021 жылы ОПЕК+ -тегі міндеттемелерді ескере отырып, бұл көрсеткішті 86 миллион тонна мұнайға дейін арттыру жоспарланған.
Қазақстандағы мұнай мен газ өндірісі көшбасшыларының бірі – халықаралық "Шеврон" компаниясы, ол – Теңіз және Королев ("Теңізшевройл") сияқты мұнай кен орындарын және Қарашығанақ газ конденсатты кен орнын ("Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.") игерудегі акционер. 2020 жылы ТШО-да шикі мұнай өндірісі 26,46 млн тонна болды және КПО-да 10,9 млн тонна тұрақты сұйық көмірсутектер болды.