Шымкентте газ бен дизель тапшы: Жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды

364
Шымкентте сұйылтылған газ бен дизель отынының тапшылығы сезіліп, тек талон арқылы сатылып жатыр.
Телеарнаның мәліметінше, жанар-жағармай бекеттерінде бағаның шарықтауы байқалады әрі әлі де талон арқылы сатылады. Оның өзінде көлік жүргізушілері сағаттап кезек күтеді. Жанар-жағармай бекеттерінде сұйытылған отынның тапшылығынан баға бірден қымбаттады. Бірнеше аптадан бері дизель отыны мен автогаз іздеген жүргізушілер қаланы шарлап сенделіп жүр. Станцияларға жете алмай, бос ыдыс арқалаған жандарды да кезіктіруге болады. "Мен өзім ылғи талонмен құямын. Ол жағын енді айта алмаймын. Талоны жоқтар не істейтінін айта алмаймын шынын айтқанда", "Білмеймін ешқандай. Барлық жерде "солярка жоқ" дейді. Газ жоқ. Су құйып жүре беремін", - дейді жүк көлігін жүргізушілер.