Маңғыстауда төгілген мұнайды жылқылар ішіп жүр
Маңғыстау облысы Жетібай ауылынан 15 шақырым жерде мұнай төгіліп, оны жылқылар ішіп жүр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Экологтар мұнай төгілген ұңғымалардың иесін жауапкершілікке тарта алмайтындарын мәлімдеді.
Экологтар аталған аумақтың "Шалва" кен орнына тиісілі екенін анықтаған. Алайда, ешкімді жауап тарта алмайды. Себебі ескі ұңғымалардың қазір иесі жоқ көрінеді. Ал жер учаскесі мемлекет меншігіне берілген. Сондықтан ластанған аумақты қоршаудан басқа амал жоқ. Бұл бағытта жұмыстар басталған.
"Шалва" кен орны бұрын "Мұнайсервис" мекеменің атында болған. Қазіргі таңда ол мекеме жоқ. Біздер тиісті тексеру жұмыстарын жүргіздік. Алайда, олардың басшылары Қазақстанда болмағандықтан, тиісті шара қолдануға мүмкіндік болмай отыр. Кінәлілерді табу үшін құқыққорғау органдарына хабарласу керек деп ойлаймын", - дейді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Мағжан Ғалымов.