Ақмола облысының тұрғыны сүйіктісіне гүл сыйлаймын деп ажал құшты

369

Ақмола облысының тұрғыны сүйіктісіне лалагүл жұлып беремін деп суға батып кетті. Қайғылы оқиға Жабай өзенінде болған.


Белгілі болғандай, ер адам азаматтық некедегі әйелімен бірге Жабай өзеніне балық аулауға барған.


 "Ер адам суға түсіп, өзен гүлдерін теріп алмақшы болған. Жағаға қайтып бара жатып суға батып кеткен. Тұрғынды іздеу үшін Көкшетау қаласынан Ақмола облысы төтенше жағдайлар қызметінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары шақырылды. Ер адамның денесі табылды", - деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
 Ер адам 52 жаста болған. ТЖД аталған жер суға шомылуға арналмағанын атап өтті. Оқиға орнынан 400 метр жерде рұқсат етілген орын бар екен. 


Сонымен қатар, құтқарушылар жағалауда және су аймақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып отыр.


 Олардың сөзінше, оұқсат етілген жерлер мен жағажайларда ғана суға түсуге болады. Ескерту белгілерінен тыс жерде жүзуге болмайды. 

 Фото: pixabay.com

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.