Ішімдікке тойып алған балабақша тәрбиешілері балаларды қараусыз қалдырған

514

Астанадағы балаларға арналған шағын орталықтардың бірінде мекеме басшысы мен тәрбиеші мас күйінде жүрген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тараған ақпаратта олардың ауруханаға жатқызылғаны (мас күйде) айтылған. Балалар ата-анасына тапсырылды.


Елорда полицейлері бұл ақпаратқа түсініктеме берді.


«4 шілдеде «102» арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар бақылаудан шығып кеткені туралы ақпарат түсті. Келе сала полиция педагогтардың мас екенін растады. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды», – делінген хабарламада.


Сотқа дейінгі тергеу басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.