Сауда орталығында төбелес ұйымдастырған әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

904

Сауда орталығында төбелес ұйымдастырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін болған спортшыға іздеу жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.


Шүменов Бейбіт. 2-күн іздестіріліп жатыр. Туған күні: 19.08.1983, жынысы: еркек, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ. Іздестіру ісі 22.07.2023 "Астана өңірде тіркелді". Бастамашы: ҚР ІІМ. Іздестіруді жүргізетін орган: Астана қаласының Есіл аудандық ПБ, - делінген хабарламада.


Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді.


Айта кетейік, Бейбіт Шүменов – танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы. Мансабын 2007 жылы бастаған. 19 жекпе-жек өткізіп, 17-де жеңіске жеткен. 2 кездесуінде қарсыласына есе жіберген. 2017 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.