Дәрігерлердің қарауынсыз қалған 4 жасар бала көз жұмды

533

Қарағандылық Диана Жұмабекова төрт жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.


Себебі суға шомылып келген соң жағдайы күрт нашарлаған ұлымды ақ халаттылар екі күн бойы қабылдамай, қараусыз қалдырды дейді. Балсынан айырылып қан жұтқан  ана жұмыстарына салғырт қараған дәрігерлерді жазалауды талап етіп отыр. Әділдік іздеген әйел полицияға арыз түсірген. Бұдан бөлек қазір оқиғаның мән-жайын медициналық қызмет сапасын бақылау департаменті де зерттеп жатыр.


Диана Жұмабекова төрт жасар ұлы Аланды ертіп өзенге шомылуға барған. Бірақ сол күні түнімен кенжесінің дене қызуы көтеріледі. Келіншек келесі күні ауылдағы медбикені шақыртып, қызу түсіретін укол салдырдым дейді. Бірақ, сол инеден кейін Аланның құсып, аяғы ауырғанын айтады анасы. Зәре-құты қашқан Диана Топар кентінің жедел жәрдем мамандарын шақыртып, баласын ауруханаға жеткізіпті. Ондағы реаниматолог дәрігер балама укол салғаннан кейін көп ұзамай ұлымның денесі құрысып, жансақтау бөлімінде қайтыс болды дейді.


«Таңғы сағат 9-дан 12-ге дейін Топар кенті ауруханасының қабылдау бөлімінде күтіп отырдық. Кезекші дәрігер баланың қиналып жатқанын көрді, бірақ қарамады. Тым болмаса дене қызуын өлшемеді. Медициналық мекемелерге бес рет бардым, бір рет жедел жәрдем шақырдым. Ал ауруханада балама тіпті термометр де бермеді»,- дейді ашынған ана.


Айта кетейік, Қарағанды облысының Полиция департаменті бұл деректі тіркеген. Құзырлы орган өкілдері бүлдіршіннің өлімі екі жақты пневмониядан болуы мүмкін деп отыр. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалған. Ал, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы да бала өліміне байланысты тексеру жүргізілетінін хабарлады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.