Жүкті әйел құрсағындағы баласымен бірге көз жұмды

1 425

Фото: pixabay.comАбай облысында 34 жастағы жүкті әйел құрсағындағы баласымен бірге көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

 Марқұмның туыстары әділдік талап етуде. Олардың айтуынша, қайғылы жағдайдан кейін қызметінен шеттетілген дәрігерлер қайтадан жұмысқа кіріскен.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аудандық бас дәрігерге қатаң сөгіс жариялап, екі орынбасарын қызметінен шектеді. Алайда біраз уақыттан кейін бұл екі орынбасар қайтадан сол аурухананың басшылық құрамына тағайындалды. Халық бұл жағдайға таңғалып отыр», – деді Ұлан Балапанов.

Қайғылы оқиға 30 қаңтарда Үржар ауданында болған. Төртінші баласын босануға келген Гүлнәр Қайратқызының ауруханадан мәйіті шыққан. Туыстары оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын айтады. Сондықтан олар дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды деп есептейді. Айтуларынша, дәрігерлер әйелге дәрі егіп, «бір тәулік күтеміз» деп ауруханада қалдырған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері дәрігерлердің қайта қызметке оралуына нақты жауап бере алмады. Олар тек босану кезінде тиісті ем-шаралар медициналық нұсқаулыққа сай жүргізілді деп мәлімдеді.

«Гүлнәр Қайратқызының өліміне босану кезінде пайда болған асқыну себеп болды. Бірақ сот-медициналық сараптаманың түпкілікті қорытындысы шықпағандықтан, әзірге нақты диагнозды түсіндіре алмаймыз», – деді Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының орынбасары Әсем Орынбаева.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.