"Ойымызды бұзады". Шымкентте такси жүргізушілері жас қыздарға шағым айтты

619

Шымкентте таксист жігіттер жас қыздар жұмыс істеуге кедергі келтіріп отырғанын айтты. Өйткені мобильді қосымша арқылы такси қызметіне тапсырыс беретін бойжеткендер еркек кіндіктілердің ойын бұзатын өтініштер жазады екен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы біздің редакциямызға таксист жігіттің бірі хабарласып, жас қыздар ақылға келсе деген өтінішін жеткізді.

Өзін Әбілғасыр деп таныстырған жігіт мобильді қосымшаға тіркеліп, такси жасап нәпақа тауып жүргеніне бір жылдай болған. Ол соңғы екі айдан бері жас қыздар тапсырыс жіберіп, ер адамдардың ойын бұзатын өтініштер жаза бастағанын айтты. Тіпті сөзіне дәлел болсын деп қосымша арқылы тапсырыс берушілердің жазбаларының скрин фотоларын ұсынды.
"Жердің бір жеріне... Зеріктім, ұрыспаңыздар", "Мазам болмай тұр, жеміс-жидек жегім келіп отыр. Өз есебіңнен алып келші", "Бургерден чикен сенің есебіңнен" делінген онда.


"Жап-жас 1-2 курстың студент қыздары. Кешкі сағат сегізден басталады. Мен емес, қаншама таксист жігіттер айтып жүр. Қаншауына хабарласып, ұрысып та алдым. Ұят қой, 60-70 жасқа келген үлкен кісілер де такси жасап күн көріп жүр. Қарап тұрсаңыз, әкелерімен жасты адамдар. Кәдімгідей ойды бұзады. Кейде қылмыңдап отырғандарына бара салсам ба деген арам ой да келеді. Еркекпіз ғой енді... Мобильді қосымшаның техникалық қолдау деп көрсетілген электронды поштасына шағым да жазып жібердім. Әзірге жауап келмеді. Менің осы уәжімді сол қыздар оқып отырса, ойланады деген үміттемін. Ата-аналарына сын...",  деді такси жүргізушісі.