Әкімдіктің шенеуніктері балаларын Amanat партиясының қызметтік көлігімен тасыған
80
Балаларын Amanat партиясының қызметтік көлігімен тасымалдаған әкімдік шенеуніктері жұрт назарына ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға туралы жақында әлеуметтік желілерде белгілі болды.
"Атырау облысы әкімдігінің шенеуніктері мемлекеттік қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдаланатынының бұлтартпас дәлелі", - делінген жарияланым сипаттамасында.
Партияның баспасөз қызметі 066 AS 06 мемлекеттік нөмірі бар автокөлік шынында да Amanat партиясының Атырау облыстық филиалының қызметтік автокөлігі екенін растады. Осы факті бойынша тексеру жүргізіледі.
Қаз
Рус






