Иран билігі хиджаб кимеген әйелдерді 10 жылға соттайтын заң қабылдады

1 263

Иран парламенті ислам киім үлгісін бұзғаны үшін әйелдерді 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап. 



Аталмыш заң жобасын 152 парламент депутаты мақұлдап, 34 депутат қарсылық білдірді, 7 депутат қалыс қалды.


Енді оны конституциялық қадағалау органы – Қамқоршылық кеңесі мақұлдауы керек, содан кейін заң толыққанды күшіне енеді.


Жаңа заңның мақсаты – ирандықтардың исламдық киім үлгісін сақтауына бақылауды күшейту.


Енді биліктің көзқарасы бойынша сыртқы келбеті талапқа сай келмеген әйелдер айыппұл төлеуі керек, оларды полиция қамауға да құқылы.


БҰҰ бұл заң жобасы Иран әйелдері мен қыздарын одан сайын зорлық-зомбылық пен қудалауға ұшырататынын ескертеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.